Қазақстан Республикасының «Микрофинанстық қызмет туралы» Заңының 9-2-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген талап қанағаттандырылмаған жағдайда немесе жеке тұлға-қарыз алушы менКМК микрокаржы ұйымы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуге қатысты келісім болмаған кезде,КМК микрокаржы ұйымы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі төмендегідей шараларды қолдануға құқылы:
1) Қарыз алушыға қатысты шаралар қолдану мәселесін қарауға. Шараларды қолдану туралы шешім микрокредит беру қағидаларына сәйкес қабылданады;
2) Берешекті сотқа дейінгі өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге. Берешекті сотқа дейінгі өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беру микрокредит беру туралы шартта КМК микрокаржы ұйымы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің коллекторлық агенттікті тарту құқығы көзделген жағдайда және қарыз алушы шарт бойынша міндеттемелерін орындауды кешіктірген кезде рұқсат етіледі.
КМК микрокаржы ұйымы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі берешекті сотқа дейінгі өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке берген күні туралы қарыз алушыны микрокредит беру туралы шартта белгіленген тәсілмен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы хабардар етеді. Хабарламада коллекторлық агенттіктің атауы, орналасқан жері және борышкерлермен байланысу үшін телефон нөмірлері көрсетіледі;
3) Қазақстан Республикасының «Микрофинанстық қызмет туралы» Заңының 9-1-бабының талаптарын сақтай отырып, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) басқа тұлғаға беруге, егер қарыз алушының ақшалай міндеттемені орындау мерзімі өткен болса:
– жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген жеке тұлғаға берілген микрокредит шарты бойынша — жүз сексен (180) күнтізбелік күннен астам уақытқа;
– жеке тұлғаға берілген өзге микрокредит шарттары бойынша — тоқсан (90) күнтізбелік күннен астам уақытқа.
Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңында көзделген тәртіппен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімдері қолданылған жағдайларға қолданылмайды;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) микрокредит беру туралы шартта көзделген шараларды қолдануға, оның ішінде микрокредит беру туралы шарт бойынша берешек сомасын өндіріп алу туралы сотқа талап арыз беруге, сондай-ақ жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, кепілге қойылған мүлікке соттан тыс тәртіппен немесе сот арқылы өндіріп алуға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкер-қарыз алушыны немесе заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы сотқа талап арыз беруге.
Залогодатель, гарант, поручитель, иное лицо несут ответственность, предусмотренную законодательством Республики Казахстан, включая, но, не ограничиваясь Главой 18 «Обеспечение исполнения обязательства» Гражданского кодекса Республики Казахстан (Общая часть), Законом Республики Казахстан «об ипотеке недвижимого имущества».